Шымкентте «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығында» кәсіподақ кездесуі өтті

12

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен маңызды және жемісті кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, мекеменің басшысы Ақмара Досбаева мен кәсіподақ төрайымы Гауһар Садықовамен бірге жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында еңбек қатынастарының жай-күйі, техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері кеңінен талқыланып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы таныстырылып, оның жүзеге асырылу жоспары туралы толық ақпарат берілді. Бұл бағдарлама жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге және олардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жиын қорытындысында қатысушыларды Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтап, кәсіподақ мүшелері мен еңбек ұжымындағы еңбегі үшін бірқатар қызметкерлерге құрметті наградалар табысталды.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: еңбек терапиясының инспекторы Садықова Гауһар Ибадуллақызы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Отарбаева Салтанат Мейрамбекқызы, және заңгер Темірбеков Қуанышбек Тағайбекұлы марапатталды.

«Құрмет грамоталарымен»: мәдени ұйымдастырушы Орынтаев Ғалымжан Амандықұлы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Оспанова Береке Рахымбекқызы, және әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Тәжібаев Әбунәсір Әбдірахманұлы лайықты бағасын алды.

«Алғыс хаттармен»: палата санитары Бекеева Гүлнара Құдиярбекқызы, оңалту жөніндегі дәрігер Жайлыбаева Айдана Ерсайынқызы, және психолог Айсағатова Зухра Қахраманқызы марапатталды.

Бұл марапаттар қызметкерлердің адал еңбегін, жоғары кәсібилігін және қоғамдық пайдаға қосқан үлесін мойындаудың нақты көрінісі болып табылады. Осындай іс-шаралар еңбек ұжымындағы ынтымақтастықты нығайтып, қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.