«Братва» полицейдің бастығы да қызметінен кетті

1623
Аты шулы видеоның жыры жақында бітпейтін секілді. Кеше ғана видеоның негізгі «қаһарманы» жұмыстан қуылса, бүгін оның бастығы ішкі істер органынан шығарылды.
Caravan.kz сайтының хабарлауынша, полиция генерал-майоры Джан КЕНЖЕТАЕВ ҚР ІІМ Қарағанды академиясы бірінші курс басшысы қызметінен кетті. Ал, оның орнына келген А.ДӘРМЕНОВТІ Ішкі істер министрі орынбасары Берік БЕЙСЕНҚҰЛОВ таныстырды.
Ақынғали Дәрменов 1978 жылы туған, Алматы Заң институтының түлегі. 2008 жылы Кембридж университетін «Болашақ» бағдарламасы арқылы бітірген. Ғылыми-ұстаздық тәжірибесі бар маман. Мансабын қатардағы ізкесушіден бастап ІІМ кадрық саясат басшысы қызметін атқарған. Қазірші шені – полиция полковнигі.
Жаңа басшы туралы әлеуметтік желіде әзіл-шыны аралас «Кембридж университетін бітіріп келген маман ғой, енді Қарағанды академиясындағылар «Мы — братва, мы — банда» деп айтпайтын шығар деген сөздер айтылуда.
Еске салсақ, Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік желі арқылы полиция формасындағы қызметкердің қылмыс әлемінде көп қолданылатын сөздерді пайдалана отырып құттықтаған видеосы тарап, көпшіліктің сынына ұшыраған.
Jasalash.kz