ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

15

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы қарасты «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов қатысып, мекеменің кәсіподақ төрағасы Берік Дүйсеновпен бірге жұмыскерлердің еңбек және тұрмыс жағдайларын мұқият тыңдап, олардың қажеттіліктерін назарға алды.

Кездесу барысында еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және қызметкерлердің құқығын қорғау бағытындағы түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілді. Сонымен қатар, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы туралы толық ақпарат беріліп, оның жұмысшылардың әл-ауқатын жақсартудағы маңызы атап өтілді.

Жиын соңында қатысушыларды Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, еңбек ұжымындағы еңбегі мен үлесі ерекше бірқатар қызметкерлерге кәсіподақтың жоғары марапаттары табысталды.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгісімен мекеме басшысы Бұралқиев Айдар Тынайұлы, «Құрмет грамотасымен» мекеменің инспекторы Серікбаев Молдабек Молыққанұлы, ал «Алғыс хатпен» мекеменің инспекторы Қанаев Ақжігіт Азаматұлы марапатталды.

Осы марапаттар – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін, адал еңбегін және кәсіподақтың ұжымға деген сенімінің белгісі болып табылады. Марапат иелеріне алдағы уақытта да табыстар мен шығармашылық өрлеу тілейміз!

Осындай кездесулер қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтық мәселелерді шешуге үлкен серпін береді деп күтілуде.