Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғап қалды

1116
Бүгін, 28 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102 халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде M-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов бразилиялық Тьяго Варежаомен кездесті. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғаш рет чемпиондық атағын қорғап отыр.
Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бар болғаны бірінші раундта аяқталды. Рахмонов бразилиялық қарсыласын нокаутпен жеңді.