Қырғыз президентінің кортежіне көлік соғылды: қаза тапқандар бар

781

Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан

Ыстықкөл облысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың көлік кортежі апатқа ұшырады. Салдарынан ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-бөлім қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

Президент кортежіне ілесіп жүруге міндеттелген автокөліктердің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Президент баспасөз қызметінің дерегінше, қарсы жолаққа шыққан көліктің жүргізушісі мас болған.

Жол апаты салдарынан үш адам жарақат алып, мемлекеттік күзет қызметінің (МҚҚ) қызметкері қайтыс болды.

Ақпаратта президент Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/Asia/20210604/17255429/Qyrgyz-prezidenti-kortezh.html