ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

479
Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен шалғай аудандардағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып Сәуле шағын ауданында жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «САЛАМАТТЫ ҰРПАҚ» жобасы аясында үстел теннисінен турнир өткізілді.
Шара барысында ең үздік деген 4 жас «Үздік шебер ойыншы»болып табылды.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары шалғай аудандарды аралап, ондағы жасайтын үйірмелер мен спортқа арналған арнайы залдармен танысты.