Досым Сәтпаевтың жеке қоры 1930 жылдардағы ашаршылық туралы деректі фильм түсірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл фильм «Өлі даланың көшпенділері» (Откочевники мертвой степи — ред.) деп аталады.
Бұл фильмді түсіру 2018 жылдың қыркүйегінде 27 мыың қазақ қоныстанған Түмен облысындағы Батыс Сібірге сапарынан бастау алды. Бұл аймақтағы қазақтар — 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ұрпақтары. Бастапқыда Досым Сәтпаевтың жеке қоры осы қызықты сапардан бейне репортаждар сериясын ғана жасаймыз деп жоспарлаған. Алайда деректердің бір фильм түсіруге жеткілікті болған.