ТҮРКІСТАНДА 100 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ҮЛЕСТІРІЛДІ

612
Түркістан қаласындағы орталық Қожа Ахмет Ясауи мешітінде Яссы мөлтек ауданының жомарт азаматтарының мұрындық болуымен қайрымдылық акциясы өтті. Акция аясында аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.
Қайырымдылық жасау – адамзат баласының ең изгі қасиеттерінің бірі. Сүрінгенге сүйеу болу, жылағанды жұбату, мұқтаж жанға қамқорлық көрсету – біздің азаматтық парызымыз.
Қаламыздағы жомарт жандар тарапынан жүргізіліп жатқан игі істер дәстүрге айналып келеді. Ел азаматтары мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі