«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІНІҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

1512

Өткен жылдың маусым айында  14 пен 29 жас аралығындағы дарынды жастар бақ сынап, «Елбасы медалі» жобасына қатысқан болатын. Бұл жобаға Шымкент қаласынан 590 үміткер қатысып, оның 131 үздік деп танылды.Жобаға  қатысушылар жеті бағыт бойынша іріктеліп, бүгін 6 ай бойы шыңдалып,  дарабоз деп танылған 80  жас жеткіншекке қола медаль табысталды.

«Елбасы медалі» жобасы елінің ертеңі болатын белсенді, азаматтық ұстанымы бар, білімді де білікті жастарға табысталады. Басты мақсат  — жас ұрпақты интеллектуалдық, тұлғалық тұрғыда дайындап, еңбекке баулу, кітап оқу арқылы таным-көкжиегін кеңейту. Елбасының  қола медалін:   «Спорт және физикалық даму», «Таланттар мен дағдылар», «Волонтерлік»,  «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Туристік жорықтар» бағытында  белсенділік танытқан таланттар алады . Білімге бағыт бұрған  болашақ — ол өзіміз үшін де, ел үшін де таусылмас қазына.

Айғақ-ақпарат