Жасөспірімдердің ата-аналарымен кездесу өтті

1133
Шымкент қаласы №82 жалпы орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың ата-аналарымен кездесу өтті.
Іс шара барысында Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Айнұр Қарабаева қыздардың арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтып, баяндама оқыды. Басқосуда жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заңбұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Мамандар қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылардың ата-аналары мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.