ЖАСТАР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

774
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан жастарының арасында «Интернет кітапты алмастыра алады ма?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Сайыстың мақсаты жастарға ғаламтордың пайдасы мен зияны жайлы айту. Сондай-ақ түрлі кітаптар жайында мағлұматтар бере отырып, қажетті білімді кітаптан алып, жастарды кітап оқуға шақыру.
Пікірсайыс Еңбекші ауданына қарасты жастар арасында өткізілді.