ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ МЕДИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

1090
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және “Оңтүстік жастары” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қиын өмірлік жағдайлардағы медиация қызметін жүзеге асыру» жобасы аясында семинар-тренинг өтті.
Медиация қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жасөспірімдердің толыққанды дамуы және әлеуметтенуі үшін, сонымен қатар заңға қайшы іс-әрекеттерді қоса алғандағы өмірлік қиын жағдайларда аман-сау, адамгершілікті және қауіпсіз кеңістік (орта) қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ президенті, «HALYQ MEDIATORY” газеті мен сайтының директоры Нурбала Оразкулова, ҚР Президенті әкімшілігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия сарапшысы және мүшесі Айжан Мукатаева және пробация есебінде тұрған жастар қатысты.
Аталмыш іс-шара барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.