Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

1088
Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 17 шілдеде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында болған.
 
«Облыстық маңызы бар «Екпінді-Созақ» тас жолы бойында «Nissan», «Toyota Camry» және «Volkswagen Grafter» маркалы үш автокөлік соқтығысқан. Көліктер өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартты», — дейді ведомство.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша «Nissan» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығының өзі барған.
Қазіргі тада жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
«Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша тергеу жүріп жатыр», — дейді полиция.