ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

945
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында біліктілікті (дағдыларды), кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын, оқыту ұзақтығы, жұмыс берушілердің сұратуы негізінде мамандықтар тізбесі мен адам санын бекіту жөнінде комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған ardak.kz ақпараттық агенттігі.
2022 жылы ұлттық жоба бойынша жылдық жоспарға сәйкес, 760 азаматты оқыту жоспарланған. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен қарай 3 (үш) ай мерзімді құрайды.
Жыл басынан «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 40 жұмыс беруші мекемеден 1240 адамға, 32 мамандық бойынша өтінім түсті. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының 24.03.2022 жылы №60-Ө бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.
Жұмысшы топ 40 мекемеге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде:
— салық және басқа да әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар 2 мекеме;
— материалдық-техникалық базасы стандартқа сәйкес келмейтін (яғни жұмыс орны сәйкес емес) 3 мекеме;
— мекеменің тіркелгеніне бір жылдан аспаған 1 мекеме.
Толық қағидадағы яғни критерияға сәйкес, 34 мекеме іріктелді.
Нәтижесінде, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша бекітілетін 34 жұмыс берушіге 760 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.