
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі спорт және мәдениет саласын қатысты мәселелерді көтерді. Мәселен, Түркістан қаласының азаматы онамастика мәселесі бойынша ұсынысын жеткізсе, ордабасылық тұрғын қоғамдық бірлестіктің жұмысына қатысты ой-пікірін білдірді. Ал тағы бір тұрғын спорт саласына қолдау көрсетуді сұрады.
Ертай Кенжебекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі