ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің Әл-Фараби ауданы мамандарының және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Кикбоксинг бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Нашақорлықпен бірге күресейік!» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс — шараның мақсаты жастарды нашақорлықтан аулақ болып, уақытты тиімді пайдаланып, өз елінің қырағы болуға тәрбиелеу.
Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, жастар арасындағы АИТВ/ЖИТС-тің алдын-алып, оларды спортқа баулу болып табылады.