Елімізде Түркістан облысы ең кедей өңір болып танылды

916

Сарапшылардың бағалауынша, облыстағы әрбір оныншы тұрғынның тұрмысы кедейлік шегінен төмен. Сонымен бірге бұл өңір – халық ең тығыз орналасқан аймақ. Бұл жайында Finprom.kz жариялады.

Олардың сөзінше, 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысында жан басына шаққандағы өңірлік ішкі жалпы өнім 729,2 мың теңге екен. Ал облыста 2 миллионнан астам адам бар. Сарапшылардың пікірінше, бұл жалпы Қазақстан халқының 10 пайызынан астамын құрайды.

Сонымен бірге өңірде бала туу көрсеткіші де жоғары. Алайда, жан басына шаққандағы өңірлік ішкі жалпы өнім бойынша облыс – елдегі ең төменгі көрсеткішке ие. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 70,2 пайызға төмен екен.