АҚШ Путиннің қыздары мен айналасындағыларға санкция салды

803

АҚШ президенті Джо Байден Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетінін мәлімдеді. Ол Украинаның Буча қаласындағы бейбіт тұрғындардың қырғыны орын алған оқиғаларға  аталған елді айыптады.

Санкциялар Ресей басшылығына және олардың отбасыларына, атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путиннің қыздарына, Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың әйелі мен қызына, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне, оның ішінде бұрынғы президент Дмитрий Медведев пен премьер-министр Михаил Мишустинге қатысты болады.

Сондай-ақ,  «Америка дауысы» Ресейдегі ең ірі қаржы институттары Сбербанк пен Альфа-Банктің де санкцияға ұшырағанын атап өтті. Олардың АҚШ-тың қаржы жүйесіне қатысты барлық активтері бұғатылады. Енді америкалық компаниялар мен азаматтарға олармен бизнес жасауға тыйым салынады.

— Осы бір жылдың ішінде біздің санкциялар Ресей экономикасы соңғы 15 жыл ішінде қосқанның бәрін жояды, өйткені  біз Ресейді соңғы жартылай өткізгіштерді, кванттық технологияларға арналған компоненттерді импорттау, Интернетті қауіпсіз кодтау сияқты  транзакциялар – 21 ғасырда бәсекеге қабілетті болу үшін қажет нәрсенің барлығынан, барлық технологиядан ажыраттық . Біз Ресей экономикасының алдағы жылдарға өсу мүмкіндігіне тосқауыл қоямыз, – деді Байден.

Байден еуропалық одақтастармен бірге Ресей элитасына кіретіндердің аты-жөні мен санкцияға ұшыраған олардың отбасы мүшелерінің есімдері енгізілген тізім жасалып жатқанын атап өтті.

— Бұл олигархтар қанша орасан зор ақша ұрлағанын елестетіп көріңізші. Олардың яхталары  жүздеген миллион доллар тұрады. Бұл олигархтар мен олардың отбасы мүшелері бұдан былай капиталдарын Еуропа мен АҚШ-та сақтай алмайды және яхталарын, сәнді виллаларын пайдалана алмайды. Себебі  Украинада  балалар күнде үйлерінен қашып, қазаға ұшырап жатыр. Сонымен, біз Украинаны украиндықтарға өз елін қорғауға қажет қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырамыз, – деді Америка президенті.

Сарапшылар Батыс  енгізген шаралар  нәтижесі биыл Ресей экономикасының көлемін 15 пайызға қысқартады деп болжап отыр. Шамамен дәл осындай сома – 15%-дан сәл ғана астамы – Ресейде тұтынушылық бағаны өсірді.

Батыс сарапшыларының пікірінше, бұл санкциялар  салдарынан Ресей экономикасы үлкен держава мәртебесінен айрылуы мүмкін