Басты Шымкент «ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫН» ҰЛЫҚТАУ – БАРШАМЫЗҒА МІНДЕТ
Биыл Шығыстың ғұлама ғалымы, ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі «Әлемнің Екінші Ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің дүниеге келгеніне 1150 жыл толады. Ғұлама ғалымның мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Өз кезегімен комиссия мерейтойды атап өтудің республикалық деңгейдегі жоспарын жасап шықты. Онда республикалық және өңірлік деңгейде өтетін 50-ден астам іс-шаралар өткізу көзделген. Міне, сондай ізгілікті де игілікті шаралардың бірі біздің Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті №8 корпусының № 5 оқу залы кітапханашылары Ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай <<Екінші ұстаз>> атты «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.
Оны ұйымдастырған ТП факультеті 18-10к1 тобының студенттері және << Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту әдістемесі мен теориясы>> кафедрасының магистр оқытушысы Әйгерім Мейрамқызы Рай, <<Қоғаммен байланыс және мәдениет>> кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Бейсенбаев Сәдібек Қалмаханұлы Бейсенбаев, <<Тарих және педагогика>> факультетінің деканы Қ.Оразбаев, ЖООКББИ директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Ә. С. Ыбырайым, сондай-ақ кітапханашы апайлар Нұрлы Сәулешова, Бота Турсунмамедова секілді кітапханашылар сөз сөйледі. Өз кезегінде С.Қ. Бейсенбаев осындай басқосулардың жиі болуын және де үлкен көлемде атап өтілуі керектігін тілге тиек етті.
Басқосу барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ өлеңдер оқылып, мәдениет және спорт факультетінің І курс студенті Есімхан Бүркіт домбырамен әуелетіп ән салды.
Ммақсатымыз — ОҚМУ студерттерінің «Әлемнің Екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жаңа тың серпін беру, әлем тарихындағы нақты рөлін айқындап, есімін ұлттық бренд ретінде ұлықтау болатын. Қазақстан жастарына осы ақиқатты түсіндіре отырып, жарқын келешек үшін тарихи танымдарын тереңдетуге ұмтылдыру көзделген. Сөздің тоқ етері – төрткүл әлем таныған даңқты бабамызды өз биігінде қадір тұтып, тағзым етіп, барынша құрмет көрсету, бүгінгі жас ұрпаққа мейлінше мол қырынан танытуға құштарлық байқату – біздің парызымыз екенін дәлелдеу тұғын.
Жанат ЕРЕЖЕПОВА,
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Ақпараттық білім беру орталығының кітапхана меңгерушісі.
Шымкент қаласы.