Түркістан облысында алаяқтық қылмысы 4 есе көбейген

1053

Түркістан облысында жыл басынан бері екі айдың ішінде 81 алаяқтық қылмысы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есе көп екендігін көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция капитаны Шыңғыс Жайлаубектің айтуынша, өткен өңірде 225 интернет алаяқтығы бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Оның басым бөлігі Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Сарыағаш, Келес аудандарында орын алған.

Интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізген.

Мәселен, Мақтаарал ауданында жергілікті тұрғын әлеуметтік желі арқылы бір топқа кірген.

Ол ақшасын екі есеге ұлғайту мақсатында 19 мың теңгесін аударғанын айтқан.

Алайда топтың ұйымдастырушысы ақшаны алысымен ізін суытыпты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауданның тәртіп сақшылар бір тәулік ішінде алаяқтық жасады деген әйелді ұстады.

Дәл осындай жағдай Жетісай ауданында да орын алған. Интернет алайқтарға алданған жергілікті тұрғын 980 мың теңгесін аударып жібергені анықталған.

Нәтижесінде бұл қылмысқа қатысы бар 2 күдікті әйел ұсталды.

«Өткен жылы түркістандық тәртіп сақшылары 57 миллион теңгенің интернет-алаяқтығын жасаған күдіктіні қолға түсірді. Ол телефон арқылы өнімдерге тонналап тапсырыс беріп, өз есепшотына ақшасын аудартып алған. Соңынан байланысты бірден үзген. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды»,- дейді полиция капитаны Шыңғыс Жайлаубек.