МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

481

Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің жанынан құрылған «Мобильді тобы» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттандыру жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты “Қазына” сауда орталығында өтті.

Ақпараттандыру жұмыстарының мақсаты өңіріміздегі жастарға орталықтың жұмыстары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, бағыт-бағдар көрсету.