IT мамандарына сұраныс артуда

995

Қазақстанда ақпараттық технология (IT) мамандарына сұраныс артуда. «HeadHunter» компаниясы сарапшыларының мәліметінше, бұл саладағы бос орындар саны 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 52 пайызға артқан.

Бағдарламалау мен құрастыру (54%), инженерия (23%), жүйелік әкімшілік қызметі (20%), web-шеберлер (17%) және веб-инженерия (15%) сияқты мамандықтар ең көп сұранысқа ие болды.

2022 жылдың наурыз айындағы деректер бойынша, жұмыс берушілер IT саласының мамандарына 220 мың теңгеден бастап жалақы төлеуге әзір.  Қазір ең жоғары жалақыны бағдарламашылар (400 мың теңгеден бастап), жүйелік әкімшілер (500 мың теңгеден бастап) және мобильді қосымшаларды әзірлеушілер (600 мың теңгеден бастап) алады. Жалақы мөлшері былтырғыға қарағанда 67 пайызға өскен екен. IT саласында кадрлар жетіспегендіктен жұмыс берушілер жоғары жалақыны өздері тағайындап отыр.

«Болашақта IT саласындағы ең мықты қызметкерлерді жұмысқа алу үшін компаниялар жалақы лимитін көтеруі керек»,- дейді сарапшылар.