Қазақ боксшылары Болгариядағы турнирдің финалында жаппай ұтылып қалды

995
Болгариядағы София қаласында бокстан «Странджа» халықаралық турнирі аяқталды. Алайда, Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл додада алтын жүлдеден қағылды. Бір емес бес мәрте. Турнирдің финалына жолдама алған бес қазақстандық боксшы да елге күміспен оралды деп хабарлайды Olympic.kz.
49 келідегі Теміртас Жүсіпов үндістандық Амиттен 0:5 есебімен жеңілген.
Фото: olympic.kz
60 келідегі Зәкір Сафиуллин Ресей боксшысы Артур Сухбанкуловқа есе жіберді. Ресейлік боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетіп, отандасымызды алтыннан айырды.
64 келідегі Санатәлі Толтаев пен ресейлік Алексей Мазурь арасындағы тартысты жекпе-жек 3:2 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген.

Фото: olympic.kz

69 келідегі Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда алған жарақатына байланысты ақтық сынға шыққан жоқ. Осылайша, автоматты түрде күміс медаль иеленді.
91 келідегі Василий Левит ресейлік Садам Магомедовке 1:4 есебімен жол берді.

Фото: olympic.kz

Осылайша, Қазақстан командасы Болгариядағы турнирге негізгі құраммен қатысып, бес күміс олжалап қайтқан.