Түркістан облысының Түлкібас ауданында аурухана ғимаратында заманауи қабылдау бөлімі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан облыстық әкімдігінен мәлім еткендей, қолжетімді медициналық көмекті оңтайландыру мақсатын тұтқан жоба тираж жүйесі арқылы іске асып отыр. Жүйе науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімінде заманауи тіркеу орны, сары, жасыл, қызыл зоналар жасалды. Сонымен қатар кіші операциялық зал, әйелдерді және балаларды қарау бөлмелері, жұқпалы аурулар, санитарлық өткізу бөлмелері, күту залы бар. Науқастарға жедел көмек көрсету үшін УЗИ мен ЭФГС бөлмелері қабылдау бөлімінің ішінен ұйымдастырылып, зертхана жақындастырылды.
Сондай-ақ, жаңа қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерді заманауи SOS қондырғысы арқылы шақыра алады. Науқастардың ауру тарихтары толық электронды түрде жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, 2018 жылы аудан аумағында елді мекендер тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 150 млн теңгеге Жаңаталап, Сарытөр медициналық пункттеріне күрделі жөндеуден өтті. Ал Шарафкент, Көкбұлақ, Еңбекші ауылдарындағы медициналық бекеттерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2019 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.