МӘДИ НАБИЕВ — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

1989
Португалия елінің Лиссабон қаласында дзюдо күресінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Жер шарындағы кіл мықтылар жиналған спорт сайысында жерлесіміз Леңгір қаласының тұрғыны Мәди Нәбиев ардагерлер арасында 90 кг салмақта әлем чемпионы атанды. Айта кетерлігі, Мәди 2017 жылы самбо күресінен әлем чемпионы болған. Сондай-ақ, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Мәди Бәйділләұлы қазақша күрестен, самбодан және дзюдодан бірнеше дүркін республика, облыс чемпионы, қазақша күрестен 3 дүркін ауданның түйе палуаны атанды. 2016 жылы Хорватияда өткен әлем чемпинатында күміс медаль алса, 2017 жылы Шымкент қаласында қазақша күрестен өткен белдесуде түйе палуан, осы жылы самбодан Қазақстан чемпионын, Грецияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль алып, еліміздің көк байрағын желбіретті. Грециядағы байрақты бәсекеде Мароккода өтетін әлем чемпионатына жолдама алып, бұл күндері жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Мәди, жеңісіңіз, 23 қазан туған күніңіз құтты болсын. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сіздің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы ісіңізге табыс тілейміз.
Сізге зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыңызға бақыт-береке тілейміз.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі