Хоккей: Жастар арасында Финляндия әлем чемпионы болды

1017
Канадада хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталмыш сында Финляндия құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финляндия хоккейшілері финалда АҚШ құрамасын 3:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар өз тарихында бесінші мәрте жеңімпаз атанып отыр. Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты 1977 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі күнге дейін 6 құрама чемпиондық атаққа қол жеткізді. Атап айтқанда, Канада 17, Ресей (КСРО мен ТМД-ны қоса есептегенде) 13, Финляндия мен АҚШ 4, Чехия (Чехословакияны қоса есептегенде) 3, Швеция 2 мәрте алтын медаль алды. Біздің құрама топ-дивизионда 1999 жылы алғашқы алтылыққа енді. Бұл — бүгінгі күнге дейінгі ең жоғары көрсеткіші. Ал 1997 жылы біздің жігіттер жетінші орынға ие болды.
Ал әлем чемпионатының қола жүлдесі Ресей жастарына бұйырды. Олар 3-орын үшін сайыста Швейцариядан 5:2 есебімен басым түсті.