Жастардан — жастарға: Жасыл ел бағдарламасы жайында ақпарат берілді

1270

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының «Жастардан жастарға — ақпараттық керуен» жобасының кезекті санында «Жасыл ел» бағдарламасы жайында толық ақпарат ұсынылды.

«Жасыл ел» бағдарламасы жастарға арналады. «Жасыл ел» жобасы — жастардың жазғы демалыс уақыттарында студенттер жасқтарында әртүрлі бағыттарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Өз қаламыз бен елдімекендерімізді абаттандыру жұмыстары мен құрылыс саласында еңбек ете алады. Бағдарламаны республикалық және әрбір аймақтарда ашылған штабтардағы жастар жасақтары жүзеге асырады.

Кім қатыса алады?

— Еңбек шартын жасау үшін, қажетті құжаттарды алып, өз қалаңыздағы жастар еңбек жасақтарының штабына барасыз.

«Жасыл елде» тәжірибе жинау — болашақ экологтар, құрылысшылар мен инжинерлер үшін өте пайдалы. Республикалық штаб жастарға еңбек келісімшартын жасайды. Арнайы киім береді және қажет болған жағдайда көлікпен қамтамасыз етеді. Еңбекақы көлемі жұмыс көлеміне сәйкес 30 000 -15 000 аралығында болады.

Қандай құжаттар керек:

  • Жеке куәлік
  • Зейнетақы қорымен келісімшарт;
  • Дербек шот
  • 086У түріндегі денсаулық жайында анықтама
  • фото 3х4
  • егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасының қағаз түріндегі рұқсаты.

Ал, толығырақ ақпараттық қалалық жастар ресрурстық орталығының әлеуметтік желілердегі парақшаларынан немесе мына байланыс телефоны арқылы білуге болады  +7 707 4757612.