Шымкентте жосықсыз кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азаматтың заңсыз әрекеті әшкере болды. Ол мемлекетке 1 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. Бұл туралы Каржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген А.Махатаевтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

«Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына 14 кәсіпорынды («Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС) тіркеген. Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған. Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 млрд. теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді», — делінген хабарламада.

Осылайша А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.