200-ден астам қазақстандық турист алаяқ турфирмалардың арбауына түсіп, жапа шекті

1097
2017-2018 жылдары 200-ден астам қазақстандық туристер 153 млн теңгеден астам сомаға алдаған алаяқ-компаниялардың құрбаны болды, – деп хабарлайды «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының баспасөз қызметі.
2017 жылы турфирмалар тарапынан алаяқтық іс-әрекеттердің 4 жағдайы тіркелген. Оннан астам адам 16 млн теңгеден астам зиянмен жалғыз-турфирмалардың заңсыз іс-әрекетінен зардап шекті.
2018 жылы 200 адам 7 турфирманың және олардың менеджерлерінің алаяқтық іс-әрекеттерінен жалпы сомасы 137 млн теңгеге жәбірленді.
Атап айтқанда, шілденің өзінде турфирмалар тарапынан алаяқтықтың 4 фактісі тіркелді. Мысалы, Алматыдағы туристік компания 30 қазақстандықты 19 млн теңгеге алдаған. Фирма Түркияға жолдамаларды арзан бағамен сатқан. Зардап шеккендердің сөздерінше, оларға қонақ үйде брон расталмағаннан кейін күмән туындай бастаған.
Ұйымның мәліметі бойынша, өткен жылы Қазақстан тұрғындары ғана емес, сондай-ақ шетелдіктер де туристік агенттіктердің құрбандарына айналды.
47 үндіс турисі Қазақстанға келмек болып, құжаттарады ресімдеу міндетін алған фирмаға 5 млн теңге төлеген. Кейін анықталғандай, фирма оларға визаны ресімдемеген болып шықты, ақшаны да қайтармаған.