Қолөнерді кәсіп еткен жас кәсіпкер

1024

Шымкент қаласы «Art Clay» қолөнер орталығының негізін қалаушы жас кәсіпкер, Налибаева Ақмаралмен сұхбат.

Налибаева Ақмарал: «Қазақ аудиториясына қазақ қолөнерін қазақи түрде дамытып, жеткізу өте дұрыс іс деп ойлаймын. Біздің осы өнермен айналысып жатқанымызға 2 айдан астам уақыт болды. Бізде қазір қолөнер бұйымдарын жасау бойынша бірнеше салаларымыз бар. Соның ішінде, құмыра жасау, сурет салу және саз балшықтан әртүрлі пішіндерді жасау өнері. Тарихымызға көз жүгіртсек, қыш өнері неолиттік кезеңнен бастау алған. Қыш өнері арқылы тарихымызды тануға болады. Қыш мың градустан астам температураға төзімді болғандықтан неолит дәуірінде табылған бұйымдар еш өзгеріссіз сол қалпында бізге жетуі соның арқасында. Қазіргі кезде қолөнерге қызығатын жастарды оқыту курстары жүргізіліп жатыр. Қаламыздағы қыш-құмыра өнеріне қызығатын жастарды орталығымызға шақырамыз».