Шымкент жастары «Жастар практикасы» бағдарламасының жемісін көруде. Түлектер бүгінде мамандықтары бойынша әр салада қызмет атқаруда.
Жас түлек Шырынбекұлы Шадияр Шымкент қалалық клиникалық ауруханасына «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналасты.
Шырынбекұлы Шадияр: «Мен Шырынбекұлы Шадияр «Авиценна» медициналық колледжінің түлегімін. Қазір «Жастар ресурстық орталығы» мамандарынан кеңес алып, қалалық №1 ауруханасында фельдшер мамандығымен жұмысқа тұрдым. Талпынып, жұмыс жасаймын деген жастарға бүгінде мүмкіндіктер көп. Жастарды орталыққа келіп, өз мүмкіндіктерін өткізіп алмауға шақырамын».
2019-221 жылдары бітірген түлектерді «Жастар практикасымен» жұмыс жасауға шақырамыз.
Толық ақпарат үшін 8(707) 342-00-97.