Орташа жылдамдықты асырғандарды жазалау ақпанның алғашқы күнінен басталмақ

1167
Ал арнайы жолаққа шығып кеткендерге қатысты ұйғарымды «Жолақ» жүйесі 15 қаңтардан рәсімдей бастайды.
Оңтүстік астананың полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасының басшылығы Kolesa.kz тілшісіне орташа жылдамдықты есептейтін камераларға қатысты сертификаттау шараларының аяқталып қалғанын хабарлады. Бұл құрылғылар тіркеген ереже бұзушылық үшін салынған айыппұлдар жүргізушілерге 2019 жылдың ақпан айының басынан келе бастайды. Қазіргі таңда өткен автокөліктің орташа жылдамдығын есептейтін камералар тестілік режимде жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, «Жолақ» жүйесінің автобустар мен троллейбустарға орнатылған 50 камерасы 15 қаңтардан бастап толық күшіне енеді. Әзірше олар да сынақтан өткізілуде. Айыппұл төлеу жөніндегі ұйғарымды рәсімдейтін операторлардың жұмысын жеңілдету әрі жылдамдату мақсатында, камералар қала картасымен байланыстырылады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, орташа жылдамдықты есептейтін камералар жайлы ақпарат пайда болған соңғы айларда Алматы көшелеріндегі жылдамдық сәл бәсеңсігендей, дегенмен, аталған құрылғылар күніне жүздеген ереже бұзу сәттерін тіркейді.