Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті — Қазақстан Республикасындағы ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда ең үздік мамандар дайындаудан көш бастап тұрған бірден бір жоғарғы оқу орны. Мен жоғарғы оқу орнын таңдайтын кезде менде ҚазҰу — дан басқа таңдау болмады. Себебі мен бұл университеті алғаш естіген кезден бастап, осында оқуға түсемін деген арман пайда болды. Мен тіпті осы Қазұуден басқа университеттер жайлы ешқандай мәлімет білмедім десемде болады. Және осы жоғарғы оқу орнына түсу үшін көп еңбектендім және еңбегімнің нәтижесінде мен қазірде осы өзім армандаған оқу орнының «Экономика және Бизнес жоғарғы мектебі» факультеті және «Есеп және аудит» мамандығының студентті атандым. Университетте мүмкіндіктер өте көп, оған көзім анық жетті. Және біз қазіргі кезде онлайн жүйеде оқып жатырмыз, соған байланысты университе «Универ жүйесін» қолданысқа енгізді. Ол студенттер үшін де және оқытушылар үшін де өте тиімді құрал. Тапсырмаларды жүктеу, сұрақтарға жауап жазу немесе өзіңде туындаған сұрақтарыңа жауап ала аласың және сабақ кестелерін көруге болады, мұнанда өзге мүмкіншіліктері жетерлік. Мәселен, біз басында осы университетке келген кезде барлығымыздың ағалшын деңгейіміз әр түрлі болды. Соған байланысты бізге өз деңгейлерімізді анықтауға арналған тест берді және соған орай біздерді топтарға бөлді. Ағылшын тілінен мен нашар болдым, қазірде барлығын үйреніп келе жатырмын. Зейнегуль Анапияевна бізге өз деңгейлерімізге байланысты қызықты тапсырмалар береді. Мысалы, бірде бізге «Артур патша» фильмін көруді тапсырма ретінде берді  және фильмнен не түсінгеніміз жайлы ағылшын тілінде айтып, оны универ жүйесіне жүктеуімізді тапсырды. Бұл тапсырма бізге қызық болды, себебі өзімізге ұнайтын фильмді көру арқылы ағылшын тілімізді жетілдіруге өз көмегін тигізеді. Осы себептен де мен өз таңдауымның өте дұрыс болғанына қатты қуанамын. Біз бір мамандықты ғана игеріп қоймай ағылшын тілінде де еркін сөйлей алатындай жағдайға жетеміз. Осы мүмкіндіктер үшін ҚазҰУ – ға үлкен алғыс білдіремін.

Ергеш Назерке

Жетекші: Тлеугабылова Зейнегуль Анапияевна