ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Түркістан облысының Бәйдібек ауданына сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Байділдә Жылқышиев пен Мұхтар Ерман, Шавхат Өтемісов жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігімен танысты.
Елбасының «Nur Otan» партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмалары бойынша ауданға келген депутаттар туралы аудандардағы мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізіп, мектептердің құрылыс алаңдарын аралап көрді. Өндірістік орын ұжымымен және жастармен жүздесіп, шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Халық қалаулылары жеке кәсіпкерлермен және студент жастармен сөйлесті.
Сондай-ақ, Жамбыл ауылындағы өнімділігі 120 тонна қияр мен қызанақ өндіретін кәсіпорынға барып, Бекет Тынысбаев басқаратын шаруашылықта болды. Бес жыл бұрын ашылған қожалық қыста Түркістан облысы мен Шымкент қаласын және Бәйдібек ауданын қияр және қызанақпен қамтамасыз етіп отыр. Жобаның жалпы құны 47 млн теңгені құрайды.