ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫНДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

676
Шымкент қаласы әкімінің қала аумағында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері «Тұран» шағынауданында балалар ойын алаңшасын орнату мақсатында тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуге мердігер мекеме «Назар» ЖШС өкілдері де қатысып, шағынауданда құрылысы бастау алатын балалар ойын алаңшасының эскиздік жобасын таныстырды. Тұрғындармен нақтыланған жоба бекітілді.
Айта кетейік, аталған шағынауданда ойын алаңшаларды салу жұмыстары жоспарға сәйкес, кезең — кезеңімен жүзеге асырылатын болады.