Шымкенттік еріктілер «Қайырымды істер марафонына» атсалысты

586

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қайырымды істер марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілер ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.

Бейбіт өмір үшін күрескен қарт майдангерді ешқашан ұмытпауымыз керек. Олардың ерлігін кейінгі жас ұрпақ терең біліп, оларға деген құрметтерін әрдайым арттырған жөн.