Біздің мемлекетте осы күнге дейін ұлттық идеологиямыздың тұжырымдамасының нақтыланбай отырғанына байланысты , қоғамымыздың қай саласында болмасын қарапайым тәртіптің жоқтығына көпшілік алаңдаулы.
Осы орайда әсіресе полиция , прокуратура мен сот органдарындағы келеңсіздіктердің деңгейі шектен шығуда десек артық болмас .
Біздің мемлекетте белгіленген вертикалдық биліктің тәртібі бойынша жергілікті атқарушы билік органдары өзінің аумағындағы қүштік құрылымдарына , өз азаматтарының мақсат- мүдделерін қорғауға бағытталған іс әрекеттерге араласа алмайды .
Сондықтан да болар жергілікті құқық қорғау органдары тікелей өз аумақтарындағы билік органдарына формальді түрде ғана бағынады .
Атқарушы билік тарапынан осындай талаптардың болмауынан , құқық қорғау органдарының әрекетсіздіктерінің орын алып отырғаны мегаполис тұрғындарынының жайлы өмір сүрулеріне елеулі кедергі келтіруде .
Бүгінгі әңгімеміз ,атам қазақ айтқандай «Сенген қойым сен болсаң дегендей» журналистік қызметпен газеттің алдағы сандарында жарияланатын материалды дайындауға байланысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының хатшысымен байланысып , Қуаныш Асыловтың мені 5-минуттай уақытқа заң аясында қабылдауын сұранған болатынмын.Содан соң хатшы қыз өзім сізбен хабарласамын -деді. Алайда , хатшы кыздан күн бойы « не привет не ответ» болмады .
Сонда қала әкімінің дүрдей орынбасары журналисті қабылдаудан неге бас тартты? Жоқ әлде ,журналистің мәселеге қатысты қоятын сұрағынан қашқысы келді ме екен? Қандай болғанда Асылов мырза ,есігінің алдына келіп тұрған журналисті қабылдауға міндетті болатын.
Ең болмағанда ,өтірік айтылатын көп сылтаудың бірін айтып құтылуға да болатын еді ғой!
Қ .Асылов мырзаның бүгінде ақпараттық құралдар дамыған заманында қоғамымыздың даму процессіндегі журналистердің ролі мен мәрбесінің парақына бара алмауын қалай түсінуге болады?
Ең болмағанда , Қ.Асылов мырза мемлекеттік қызметкер ретінде /басшылық қызметіндегі жауапкершілікті айтпағанның өзінде / заңды қүші бар ҚР Әдеп Кодексі бойынша қарапайымдылық танытуға міндетті емес пе еді?
Осылайша Қ.Асылов мырза «өзін би ,өзін кожа « деп санағаны айқын байқалады.
Ендігі жерде , газет редакциясы Қ.Асылов мырза тарапынан «на ровном месте» қабылдауына келген журналистке «менсінбеушілік» танытып ,мемлекеттік қызметкердің әдеп Кодексін сақтамауына қатысты немқурайдылығына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мырзадан баға беруін Шымкент қаласының журналистер қауымы атынан сұранады .
Еркін Керімбайұлы ,журналист
Еңбек ардагері