Интернет-дүкендерде сатып алу кезіндегі сақтық шараларын қалай қолдануға болады?

1394

Түркістан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне
интернет арқылы тауарларды сатып алу және қызметтерге тапсырыс беру
кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзумен байланысты азаматтардан
мерзімді түрде өтініштер түсіп тұрады. Өтініштердің көпшілігі тауарларды
интернет- дүкеннен сатып алу кезінде тұтынушыларды алдауға қатысты.
Мысалы, 2022 жылдың 23 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны
Түркістан қаласында орналасқан жиһаз дүкенінен инстаграм парақшасы арқылы
16 орындықты 288 000 теңгеге сатып алған. Алайда жеткізіліп берілген тауар
сапасыз болып шыққан. Жиһаз дүкені сапасыз тауарды кері қайтарып алудан
және қаржыны қайтарудан бас тартқан. Түркістан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің мамандарының араласуымен сотқа дейінгі
тәртіппен тұтынушыға барлық шығындары қайтарылып берілді. Осыған
байланысты электрондық сауда бойынша кеңестерді жариялауды жөн санадық.
Интернет-дүкеннен сатып алуды бастамас бұрын, сізге көп білмейтін
дүкендер жайлы тұтынушылардың пікірлерін мұқият оқып шығуды ұсынамыз.
Интернет-дүкен туралы мәліметті мүмкіндігінше көбірек білуге тырысыңыз.
Тек басқа сатып алушылардың (бұрын сатып алған) пікірлерінің арқасында сіз
дүкеннің барлық оң және теріс жақтарын анықтай аласыз. Осының негізінде,
бұл жерден тапсырыс беру керек пе?, немесе басқа интернет-ресурсты таңдаған
жөн бе? деген сұрақтарға жауап таба аласыз.
Күмәнді төлем әдістері бар дүкендерге дереу сенім артуды ұсынбаймыз
(үйге жеткізу және жеткізу кезінде төлемді немесе жеткізілім кезінде қолма-қол
ақша таңдау), мүмкіндігінше тауарды жеткізгеннен соң есеп айрысу жолын
таңдаған жөн. Дүкен менеджерімен сөйлесу кезінде көбірек сұрақтар қоюға
тырысыңыз, сонымен қатар телефонның екінші жағында тұрған адамның
қаншалықты сыпайы, қайырымды және сауатты екеніне назар аударыңыз.
Дүкеннің көшірме схемалары қазір белсенді қолданылатындығын
ұмытпаңыз. Аванстық төлемді алып, олар сөзбе-сөз келгенде ауада болып
шығады: сол себепті тауарды жеткізіп бермейді, қоңыраулар мен хаттарға
жауап берілмейді, ақшаны қайтармайды.
Алдау схемасы қарапайым — өңірлік желілердің дүкендерінің көшірмелері
жасалады және сол өнімді арзан бағамен ұсынады, ал ақшаны алғаннан кейін
олар бірден жоғалады. Бағасына назар аударыңыз, күмәнді арзан баға сізді
«тегін ірімшік тышқанның қақпанында ғана» екенін ойлауға және есте сақтауға
мәжбүр етеді.

Түркістан облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
басшысы Б.Д. Қыстауов