Президент тапсырмасынан кейін Леңгір қаласындағы мәселе шешілді

1132
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Леңгір қаласындағы мәселе тез арада шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің Facebook  әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  өзінің Twitter-дегі парақшасында  «31 арнаның» сюжетін салып, Премьер-Министр мен Түркістан облысының әкіміне Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласындағы көп пәтерлі үй тұрғындарының келеңсіз жағдайы мәселесін шешуді тапсырған болатын. Бұл мәселеге орай аймақ басшысы өз парақшасында мынандай мәлімет таратты.
«Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйдің сарқынды сулары мен жағымсыз иісі бар мәселе жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақында ашылған «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасындахабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Леңгірдегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары олардың үйін үнемі кәріз қалдықтары иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған болатын» делінген Өмірзақ  Шөкеевтің парақшасында.

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы көппәтерлі үйдің тұрғындары жертөледен үнемі кәріз қалдықтарының иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған 31 телеарнасының сюжетін жариялаған болатын. Араға 2 сағат салып, Президент тапсырмасы бойынша Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйінің бұл мәселесі жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді.#Shokeevke_suraq

Опубликовано Түркістан облысы әкімінің қоғамдық қабылдауы Пятница, 29 марта 2019 г.