ТОП-10: Қазақстандық ең бай бизнесмендер

2111
Forbes көрсеткіші бойынша, биылғы жылы Қазақстандық ең бай кәсіпкерлердің жиынтық табысы 26 миллиард доллардан асқан. Бұл өткен жылға қарағанда рекордтық көрсеткіш болып есептеледі.
Сонымен, 2018 жылдың ең бай бизнесмендері кімдер?
  1. Владимир Ким
Табысы: $ 3,4 млрд
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 0,9 млрд
Жасы: 57
Табыс көзі: Металдар
2018 жылдағы рейтинг бойынша Владимир Ким ең бай қазақстандық болды. Әлемдік мыс нарығы жақсы жағдайда, яғни металлдың 1 тоннасының орташа құны $ 7,000 жетеді. Бұл соңғы үш жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Сарапшылардың пікірінше, сұраныстың көп болу себебі – «жасыл» экономиканың өркендеуі мен электр көлігі нарығының дамуына байланысты болып отыр.
Сондай-ақ, KAZ Minerals PLC акцияларының құны Лондон қор биржасында (LSE) 33,43% Владимир Кимге тиесілі. Биылғы жылдың ақпанында аталмыш компания Роман Абрамовичке тиесілі Чукоткадағы Баймское кен орнындағы мыс жобасының басым үлесін сатып алуды қарастырды (10,8 млрд. долл.). Бұл – әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, оның қоры 9,5 млн. тоннаға бағаланады.
Владимир Кимнің компаниясы Шығыс Қазақстан, Павлодар облысында және Қырғызстандағы Бозымчак мыс және алтын кен орындарындағы өнімдермен айналысады. KAZ Minerals plc акциялары Лондон, Қазақстан және Гонконг қор биржаларында тіркелген.
KAZ Minerals PLC-дан басқа бизнесмен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің 70%, «РБК» банкінің 99,60% және «Қазақалтын» АҚ-дың 17,5% үлесін иеленеді.
2. Тимур Құлыбаев
Табысы: $ 3.1 млрд
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 0,9 млрд
Жасы: 51
Табыс көзі: Әртараптандырылған бизнес
Тимур Құлыбаев жұбайы Динара Құлыбаевамен бірге «Холдинг АЛМЭКС» холдингі арқылы Қазақстан Халық Банкіне иелік етеді. Сондай-ақ, қазақстандық активтердің қатарында «ALMEX Plus» ЖШС, «Кипрос» ЖШС, «Меркурий» ЖШС, «Аксайгазсервис» АҚ, «Viled Group» ЖШС, «Viled Fashion» ЖШС (Saks Fifth Avenue дүкені) және басқалары бар. Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын басқарады және Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада және  Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті, сондай-ақ, «Газпром» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  1. Динара Құлыбаева
Табысы: $ 3.1 млрд
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 0,9 млрд
Жасы: 50
Табыс көздері: Әртараптандырылған бизнес
Динара Құлыбаева – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Сара Алпысқызы Назарбаеваның қызы. Қазақстандағы ең бай әйел, Қазақстан Халық банкінің акционері. Forbes журналының әлемдік миллиардерлер тізімінде Орталық Азиядағы жалғыз әйел болып есептеледі.
Динара Құлыбаева – KazUMOIIA директорлар кеңесінің мүшесі және Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі уақытта Динара Құлыбаева Швейцарияда тұрады.
4. Болат Өтемұратов
Табысы: $ 2,6 млрд
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 200 млн
Жасы: 60
Табыс көзі: қаржылық, телекоммуникация, қонақ үй бизнесі
2018 жылы ең бай қазақстандықтардың рейтингінде төртінші орында –  Болат Өтемұратов. Ол 2008 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылдың наурыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылдың мамыр айынан бастап 2013 жылдың наурыз айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі. 2014 жылғы ақпан айынан бастап – “Асан Мирас” қамқоршылар кеңесінің құрушысы және мүшесі Болат Өтемұратов атындағы жеке қайырымдылық қорының басшысы.
2018 жылдың ақпан айында ForteBank-тың басқарма төрағасы өзгерді, оның 88,45% -ы Болат Өтемұратовқа тиесілі. Бұл банк 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан банктерінің арасында бесінші орынды иеленді, бұл өткен жылғыдан 12% -ға артып, 1,4 трлн. теңгені құрады. Меншікті капитал 180,7 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Болат Өтемұратов «Верный Капитал» компаниялар тобымен «Glencore Plc» компаниясының белгілі бір бөлігіне ие, «КаР-Тел» ЖШС-нің 25% -ын және «Sky Mobile» ЖШС-нің 49,9%-ын басқарады (Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline операторлары). «Верный Капитал Групп» басқаратын активтердің жалпы сомасы шамамен 4 млрд. АҚШ долларын құрайды, соңғы үш жылда ішкі кіріс нормасы (IRR) – 54% болды.
Басқарушы компанияларының ішінде «Informburo.kz» ақпараттық-аналитикалық интернет-порталы, «31 канал» телеарнасы, Vi Media Kazakhstan операторы, Астана, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton қонақ үйлері, Rixos Borovoe қонақ үйі, Қазақстанда Burger King фаст-фуд-франшизасы және Global Development, Оңтүстік Қырғыз Цемент және Қарағандыдағы Сары-Арқа әуежайы бар.
5. Алиджан Ибрагимов
Табысы: $ 2,3 млрд
Бір жыл ішіндегі өзгеріс: + $ 300 млн
Жасы: 64
Табыс көзі: Металл кен орындары
Негізінде ол боксит өндірісі және алюминий оксидінің өндірісін «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Русал» компаниясының алюминий зауыттарына экспорттайды. Қазақстан жылына шамамен 1,5 млн тонна алюминий өндіреді.
ERG – қазақстандық құрылымдарға «ТНК Казхром», «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірісі қауымдастығы» және Қазақстан электролиз зауыты кіретін тау-кен компаниясы. Алиджан Ибрагимов сондай-ақ,  Халықаралық минералдық ресурстардың 33,3% үлесіне ие. Сондай-ақ, Еуразиялық банк, «Еуразиялық өнеркәсіптік компания» АҚ және  Еуразиялық өндірістік компанияның 33,3% үлесіне ие. Өз мәлімдемесіне сәйкес, Ибрагимов – демократ және либерал.
6. Рашид Сарсенов
Табысы: $ 735 млн
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 15 млн
Жасы: 69
Табыс көздері: Мұнай саудасы, металл өңдеу, қаржылық ұйымдар
Рашид Сәрсенов – қазақстандық кәсіпкер, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қадағалау кеңесі (директорлар кеңесі) төрағасы,  «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай компаниясының иесі.
Рашид Сәрсеновтің үлесіне «Нұрбанк» АҚ акцияларының 84,45% және «Виктория» сақтандыру компаниясының 100% акциясы, «Гелиос» жанар-жағар май құю станцияларының желісі тиесілі. Сондай-ақ, Павлодарда “KSP Steel” зауыттарында, Көкшетауда “Көкше” цементінде, Ақтауда – Фибрглидті құбыр зауытында және “Каспий Rivera” қонақ үйінде үлесі бар.
Кәсіпкер “Vita” су өндіру және сату компаниясы, француз үйі, “Beautymania”, “Imperial Home”, “Planet Beauty” және “Dibek” ат спорт клубын басқарады. Білім беру активтерінің ішінде Алматы құрылыс және басқару колледжі мен Каспий мемлекеттік университеті бар.
  1. Дәурен Жақсыбеков
    Табысы: $ 700 млн
    Бір жылдағы өзгеріс: $ 202 млн
    Жасы: 39
    Табыс көздері: Қаржылық ұйымдар
    Дәурен Жақсыбеков «Цесна» корпорациясының үлкен мөлшердегі үлесіне ие. «Цесна» компаниялар тобына «Цесна» қаржы холдингі, «Цеснабанк» АҚ, «Газета Info-Цес» ЖШС, «Цесна Капитал» АҚ, «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы кіреді.
    2018 жылдың наурыз айында Дәурен Жақсыбек «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға 41,38 пайыз акцияны Бақытбек Байсейітовке және «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Владислав Лиге сатты. Алайда, нақты сомасы айтылмады.
    1. Кеңес Рақышев
Табысы: $ 691 млн
Бір жылдағы өзгеріс: – $ 14 млн
Жасы: 38
Табыс көздері: қаржылық ұйымдар, IT
Кеңес Ракишев – қазақстандық кәсіпкер, венчурлық инвестор және акционер. Ол – БТА Банкінің жалғыз акционері (2015 жылы банктік лицензия тоқтатылды). 2018 жылдың наурызында Ракишев БТА Банкінің директорлар кеңесі құрамынан шығып, қаржы институтын басқарудан бас тартты.
2018 жылдың басында Кеңес Ракишев Central Asia Metals Plc компаниясындағы 6 % үлесін тастап, Петропавл алтын өндіру компаниясының 22,42% -ын сатып алды. Сондай-ақ, кәсіпкер «SAT & Company» холдингінің 77,72%, «Сақтандыру стандарты» АҚ-дағы 16,1% және NetElement компаниясындағы 18,3%, акциялары NASDAQ-да сатылатын мобильдік төлемдер мен транзакцияларды басқарады.
  1. Бақытбек Байсейітов
Табысы: $ 571 млн
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 122 млн
Жасы: 59
Табыс көздері: Қаржы, инвестициялық ұйымдар
Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов – қазақстандық қаржыгер, «ЦентрКредит Банкі» АҚ-ның негізгі акционері және директорлар кеңесінің төрағасы. Қазір ол банктің қарапайым акцияларының 48,7% иеленеді.
Кәсіпкер «AIFRI Orient Investments» АҚ-ның 100% -на және «Caspian Services Inc» мұнайының 88% -на ие. 2017 жылы “AIFRI Orient Investments” құрылымында өзгерістер болды: «Nomad Investments Group» АҚ 100,5 млн. теңгеге сатылса, ал «Теріскей» ЖШС-нің 50%-ы 320 млн. теңгеге және 52,2% -ын «Тұрғын үй Қарасу» ЖШС 192 миллион теңгеге сатып алынды.
Бақытбек Байсейітов «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен (2005), «Астана 10 жылдығы» медалімен (2008 ж.) марапатталған.
  1. Нұрлан Смағұлов
Табысы: $ 450 млн
Бір жылдағы өзгеріс: + $ 50 млн
Жасы: 52
Табыс көздері: автотехника, машина жасау компаниялары
Қазақстандағы ең бай адамдар рейтингінде оныншы орында белгілі кәсіпкер, Қазақстандағы Жаңа Зеландияның құрметті консулы және Алматы қалалық жоспарлау кеңесінің мүшесі Нұрлан Смағұлов тұр.
Нұрлан Смағұлов – Astana Motors (11 әлемдік авто брендтер) және MEGA сауда-ойын-сауық орталығы (Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA паркі, Астанада MEGA Silk Way). «Astana Group» компаниясы сондай-ақ Оңтүстік Кореяның франчайзингіне арналған «Angel-in-us» кофейнясының желісін басқарады.
2018 жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Смағұловты мемлекеттік, өнеркәсіптік және әлеуметтік қызметтегі ерекше еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Рейтинг қалай есептелді?
Рейтинг қатысушылары олардың активтерінің жиынтық құнымен бағаланды. Рейтинг тізіміне 95 бизнесмен қатысты, ал ең ірісі ретінде 30 тізім іріктелді. Компаниялар нарықтық капиталдандыру, меншікті капитал, дисконтталған ақшалай қаражат ағыны, сатып алу / сату немесе бірігу / сатып алу мәмілелері немесе нарықтық капиталдандыру коэффициенті болып табылатын P / E немесе P / S коэффициенттері бойынша бағаланды, сондай-ақ, компанияның таза пайдасы немесе кірісі есепке алынды. Бөлшек сауда компанияларына EV / EBITDA бойынша бағалау жүргізілді. Рейтингте көрсетілген тұлғалардың мүліктік меншік саны таза ресми ақпарат болып есептелмейді.
7kun.kz