Тұңғыш президентке сөз сөйлеуге құқық берілмек

811

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламент пен үкімет алдында сөз сөйлеу құқығын сақтайды. Бұл туралы Мәжіліс Сенатқа жолдаған конституциялық заңға енгізілген түзетулерде көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы. NEGE. Мәжіліс Сенатқа «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар жіберді.

Түзетулерге сәйкес, «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің тарихи миссиясына байланысты ел үшін маңызды мәселелерді талқылауда Парламент пен оның палаталары алдында, үкімет отырысында сөз сөйлеуге құқылы».

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі құрамына кіреді.

19 қаңтарда Мәжіліс конституциялық заңдарға түзету енгізіп, еліміздің Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалығын тоқтату туралы түзетулер қабылданды.

Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ға төрағалық ету құқығы Президентке тиесілі.