Биыл Шымкентте 25 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

614

Биыл Шымкент қаласында 24 196 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ardak.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2022 жылға 24 196 жұмыс орны (тұрақты – 14 517, уақытша – 9 679) құрылатыны жоспарлануда.

Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 8 612 (5968 уақытша, 2644 тұрақты) жұмыс орны, 15 584 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар) (3711 уақытша, 11873 орын тұрақты). 2022 жылдың маусым айына 15 118 орын ашылған. Оның ішінде 12 003 – тұрақты жұмыс орындары, 3 115 – уақытша жұмыс орындары. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған.

Нәтижесінде нақты 10 492 адам қатысты немесе жоспар 22,7% орындалды. 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту жоспарлануда. Қысқа мерзімді оқыту курстарының мерзімі 3 ай. Оқыту курстары тегін жүргізіледі. Шәкіртақысы 20 948 мың теңге шамасында. Биыл 30-дан аса мамандық бекітілген. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі. Оның 157-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, 69-ы жастарға. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша нақты 10 492 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Олар: — 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 123 адам ; — 2 098 адам жастар практикасы, нақты 1295 адам; — 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 2 221 адам; — 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 214 адам ; — 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы, нақты – 6 адам; — 192 адам «Күміс жас» жобасы. Нақты – 7 адам; Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған. Нәтижесінде нақты5700 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Айта кетейік, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы негізінен 5 бағытта жұмыс жасайды: — Халықты жұмыспен қамту; — Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау; — Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету; — Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу; — Көші-қон мәселесі және оралмандармен жұмыс жасау. Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.