«Тоғжанов ескертуін халыққа емес «Джип сафари» өткізген Сапарбаевқа айтсын!» — журналист

1036

Өткенде вице-премьер Тоғжанов халықты айыптады. Тығылып той жасайсыңдар деді. Солай болды, рас. Алыстан қонақ шақырып, экспедициялаған Бердібек әріптесіне ескерту айтсын Тоғжанов

Журналист Манас Қайыртайдың фейсбук парақшасында мынадай ақпарат жарияланды: «Жынды ма дейсің?! Жамбыл облысы әкімдігі бір апта бұрын экспедиция ұйымдастырыпты. «Джип сафари» деп атапты оны. Ондаған көлік, қаптаған адам. Мұның тойдан не айырмасы бар? Әнші-блогерлер барған. Сапарбаев шақырып жатыр дегенге олар да ұшқан-ау. Өкініштісі, бүгін бір апта бұрын көп қонақты қарсы алған демалыс орнының иесі, кәсіпкер Сайрамбай Дөненбаев қайтыс болыпты… Өткенде вице-премьер Тоғжанов халықты айыптады. Тығылып той жасайсыңдар деді. Солай болды, рас. Алыстан қонақ шақырып, экспедициялаған Бердібек әріптесіне ескерту айтсын Тоғжанов»

Сөйтсек, бұл ақпарат рас болып шыққан. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың елден ерек сафари ұйымдастырғанын Мәлім.кз сайты да жазыпты. Дәлел ретінде Бердібек Мәшбекұлының инстаграм парақшасындағы жазбасын келтірген. Онда әкімнің өзі де «Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет джип-сафари экспедициясы өтті. Оған қатысқан танымал қонақтар, олардың ішінде отандық эстрада жұлдыздары, атақты спортшылар мен блогерлер Әулиеатаның киелі жерлерін аралады. Джип-сафари әдеттегідей әсерлі әрі жоғары деңгейде өрбіді…» деп біршама ақпарат беріп тастапты.

Өкініштісі, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жәнәбілов, Индира Расылхан, Ринат Зайытов, Жанқош Тұраров сынды өңшең саңлақтар мен жалдамалы блогерлер қатысып қайтқан шараның  арты қаралы қазаға ұласқан. «Джип сафариге» келген қонақтарды күтіп алған кәсіпкер әрі сол демалыс орнының иесі  Қазақстанның Еңбек Ері Сайрамбай Дөненбаев қайтыс болыпты. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, кәсіпкер пневмониядан көз жұмған.

Сапарбаев-турға саяхаттап барып қайтқан блогерлердің бірі өз парақшасына қаза-нама жазыпты. «Бұл – Сайрамбай Дөненбаев. Бүгін қайтыс болды. Пневмониядан… Тоғыз күн бұрын ғана аттай шауып жүрген жерінен көріп едім. Алла рахымына алсын!», — деп жазған Өркен Кенжебек есімді блогер.

View this post on Instagram

Т.Рысқұлов ауданында алғаш рет джип-сафари экспедициясы өтті. Оған қатысқан танымал қонақтар, олардың ішінде отандық эстрада жұлдыздары, атақты спортшылар мен блогерлер Әулиеатаның киелі жерлерін аралады. Джип-сафари әдеттегідей әсерлі әрі жоғары деңгейде өрбіді. ⠀ Экспедицияның ашылуында қонақтар назарына көне жәдігерлер, халық қолөнер бұйымдары ұсынылып, ұлттық салт-дәстүрлері туралы баяндалды. ⠀ Іс-шараға қатысушылар өңіріміздің климаттық, географиялық және геологиялық жағдайларының қолайлығына көңіл бөлді. ⠀ Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қазақстандық және шетелдік туристердің орталығына айналуы тиіс. Әлемнің көптеген елдері бюджеттен елеулі қаражат бөле отырып, туристік жобаларды табысты жүзеге асырып келеді. Бұл орайда өңіріміздің әлеуеті жоғары. Джип-сафари экспедициясы ішкі туризмді дамытуда үлкен рөл атқаратынына сенімдімін. Аталған шара дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін болады. ⠀ В Рыскуловской районе впервые прошла уникальная джип-сафари экспедиция. Именитые гости, среди которых были звезды отечественной эстрады, знаменитые спортсмены и блогеры посетили сакральные места аулиеатинской земли. ⠀ Джип-сафари, ассоциирующийся всегда с приключениями, дозой адреналина и ярчайшими впечатлениями, в этот раз был еще и познавательный. На открытии экспедиции гостям показали памятники древности, рассказали о народных промыслах и ремеслах, национальных традициях и обычаях. ⠀ Участники мероприятия смогли лично убедиться в уникальности климатических, географических и геологических условий нашего края. ⠀ Имеющий двухтысячелетнюю историю Тараз должен стать центром притяжения для казахстанских и зарубежных туристов. Многие страны мира уже давно с успехом реализуют туристические проекты, привлекая в государственный бюджет значительные средства. У нашего региона потенциала не меньше. Уверен, джип-сафари экспедиция сыграет большую роль в развитии внутреннего туризма. Мероприятие станет традиционным и будет проводиться ежегодно.

A post shared by Бердібек Сапарбаев (@saparbayev_bm) on