Вице-министр Омарбекова оң бағасын берді

1438
Қазақстан Республикасы Қоғамдық Даму вице-министрі Омарбекова Жұлдыз Кәжікенқызы Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне келді.
Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы және Кеңсе жетекшісі Әшірбеков Бақытжан Айдарханұлы кеңсе қызметкерлерімен, жасалып жатқан жұмыстармен таныстырып, алдағы уақытқа жоспарланған жобалары жайлы айтып берді.
Түркістан облысында өткен жылы облыс әкімшілігінің бастамасымен «Рухани жаңғыру» сериясымен жарық көрген облыс ақын-жазушыларының 10 томдығы, «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналары», «Киелі жерлер географиясы» жинағының 2 томы, «Тамыры терең Түркістан» атауымен шыққан қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілінде ақпараты бар ғылыми танымдық альбомдармен және тарихи-анимациялық, деректі, көркем фильмдер топтамасымен танысып, ризашылығын білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алдағы уақытта атқарылар ауқымды жұмыстарды баяндап, Түркістан облысының бұл бағдарлама аясында атқарған жұмыстарына оң бағасын берді