Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз

932
Жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы үшін пайдалану мақсатында жасаған қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Осындай келеңсіз құбылыстарымен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, бұл барлық ұлтжанды азаматтардың парызы саналады. Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын алса да, құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
А.Ибадуллаев
Шардара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.