Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында айтқан өзгерістерге сәйкес, Сенаттың 13 депутатының өкілеттігін тоқтатып, кейбірін қайта тағайындады, деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекет басшысы былтыр 16 наурыздағы Қазақстан халқына арналған жолдауында Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылдағанын жеткізген.
Соған сәйкес, бүгін жоғары палатадағы 13 депутаттың өкілеттігін тоқтатты. Олар:
- Мәулен Әшімбаев;
- Владимир Волков;
- Бақытжан Жұмағұлов;
- Нұртөре Жүсіп;
- Ләззат Қалтаева;
- Қайрат Қожамжаров;
- Мұхтар Құл-Мұхаммед;
- Талғат Мұсабаев;
- Дана Нұржігітова;
- Қанатбек Сафинов;
- Ләззат Сүлеймен;
- Серікбай Трұмов;
- Асқар Шәкіров.
Дегенмен, олардың кейбірі қайта келді. Атап айтсақ, Мәулен Әшімбаев, Нұртөре Жүсіп, Ләззат Қалтаева, Асқар Шәкіров бар. Сосын жаңадан бұрынғы сот Жақып Асанов қосылды.
Сонымен қатар енді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мәжіліске емес, Сенатқа депутат болады. Бұл ретте Президент жарлығымен Евгений Больгерт,Закиржан Кузиев,Нурия Ниязова, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских тағайындалды.