Министрлікті басқарғандар бір-бірінің үстінен арыз жазып жатыр

624

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желіде мәлім етті.

Қазір сотта біз денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың полицияға арыз жазғанын білдік. Ол Біртанов пен Әбішевті қорғау туралы петицияға қол қоймағанын мәлімдеген. Біз ол петицияны сотта зерттеп, «Ажар Ғиният» деген қолтаңбаны көрдік,

— дейді Елжан Біртанов.

Ал Олжас Әбішевтің адвокаты Фатима Берсанова арызданатындай Ажар Ғиниятқа не ұнамай қалғанын білмеймін деп отыр. Дегенмен, ол Әбішевтің соттағы мәлімдемесінен кейін қорғауындағы азаматқа қысым жасалып жатыр деп санайды.

Бүгін Олжас Әбішев келіп түскен арыз бойынша жауап алу үшін полицияға шақырылған.

Экспресс К бұған дейін Елжан Біртановтің ісі бойынша аппеляциялық сот отырысы сот құрамының толық болмауына байланысты кейінге қалғаны туралы жазды.

Оның алдында бұрынғы денсаулық сақтау министріне сот үкімі шыққанын жазған еді. Ол кезде Біртановты санавиация бойынша сот ақтағанын айтып, тек басқа айыптар бойынша 5 жылға бостандығын шектеген. Сонымен қатар, оның орынбасары Әбішевке де 4 жылға бостандығын шектеу туралы үкім оқылды.