ШЫМКЕНТ: Санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды

977

Шымкент қаласында санаторлық-емдеу курорттарына 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 9 238 ардагерлер мен зейнеткерлерді 3 санаторлық-емдеу (Ақсу-Жабағылы, Денсаулық, Айша бибі) курорттарымен келісім шарттар түзілді. Мамыр айының қорытындысы бойынша 736 зейнеткерге жолдама беріліп санаторлық-емдеу курорттарына жолданып және 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

2500 ардагерге тегін басылымдарға 1-2 жартыжылдыққа («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента», «Айқын» газеттер, «Ардақты ардагер» журналы) жазылуда.

Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 84 034. Оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 7, тыл еңбеккерлері – 2 514.

Көп балалы аналар саны – 55 814, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 11 224 . 2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.

Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/369-6с шешімі негізінде 2022 жылдың 1 маусымына:

— 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай 10 778 көпбалалы аналарға (15 315 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

— 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) 172 қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына (15 315 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

— Наурыз мерекесіне орай 776 жетім балаларға (61 260 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

— Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК-тен 4 отбасыға (1 225 200 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

— «7 мамыр – Отан қорғаушы күніне» орай: Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, Семей полигонынан зардап шеккен 2 007 азаматқа (110 268 теңгеден) әлеуметтік көмек төленді;

— 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне біржолғы 360 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмек төленді;

— 9 мамыр «Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне» орай 2 538 тыл еңбеккерлерге (36 756 теңгеден) әлеуметтік көмектер төленді;

— Қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне)

– 126 адамға 12 АЕК-тен (36 756 теңгеден) төленді;

— Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған 3 азаматқа – 23 АЕК-тен (70 449 теңгеден) төленді;

— Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 5 азаматқа – 23 АЕК-тен (70 449 теңгеден) төленді;

— 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандары күніне орай 1 199 адамға 5 АЕК тен (15 315 тенгеден) әлеуметтік көмектер төленді;

— 1 маусым балалар күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 6 185 балаға 5 АЕК тен (15 315 тенгеден) әлеуметтік көмектер төленді;

— 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға ай сайын 125 адамға 2 АЕК-тен (6126 теңгеден) 756 мың теңге әлеуметтік көмектер төленуде;

— В-20 ауруы бар ай сайын 119 адамға 24 АЕК-тен (73512 теңгеден);

— Туберкулез ауруы бар ай сайын 275 адамға 5 АЕК-тен (15315 теңгеден) көмектер төленуде.