Шымкентте элиталы бастауыш мектебінің ашылу салтанаты өтті

901
Шымкент қаласы Қонаев даңғылында бой көтерген заманауи үлгіде халықаралық стандартқа сай салынған еңселі де әдемі, лингвистикалық бағытта білім беретін элиталы «Оскар» бастауыш мектебінің ашылу салтанаты өтті.
Жиынға Шымкент қаласының кәсіподақ төрағасы- Алтеев Бауыржан Илемшеевич, Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы — Тажиева Жанат Арысбекқызы, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары — Ғалымжан Елшибай, Дәулетияров Нұралы, Шымкент қаласы мәслихат депутаттары — Қуандықов Сұлтанғали Нұрлыбайұлы,Төлегенов Ноян Назарұлы, Зораев Жамалбек Асанұлы, Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі — Ашетаев Рүстем Есімханұлы, «Өрлеу» Біліктілікті артыру ұлттық орталығының Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры — Искакова Лаура Тұрлыбекқызы, Пушкин атындағы № 1 мектеп директоры — Аманкулова Анара Сағынбековна, Ардагер ұстаз — Баян Әліпбековна және тағы басқа
келген қонақтар өз лебіздерін білдіріп мектеп ғимаратымен танысты. Мектепте балалардың жайлы , қауіпсіз білім алуына барлық жағдай жасалған. Білім бағдарламасын сапалы оқытумен қатар баланың мобильді, саналы, креативті жан жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасуы үшін түрлі қосымша сабақтар мен үйірмелер ұйымдастырылған.
Атап айтсақ, робототехника, сурет салу, актерлік шеберлік, би, гимнастика, шахмат және спорт түрлері.
Керемет сапалы, шет елдік жабдықтармен жабдықталған мектеп асханасында салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында үш мезгіл ағзаға пайдалы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектептің қонақтарды қуантқан тағы бір артықшылығы балаларға арналған арнайы таза ауыз су әр қабатта ыңғайлы және көз тартарлық дизаймен орналастырылған.
Жаңа ашылған Оскар мектебіне сәттілік тілейміз.