ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

549

Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан көптеген бағдарламалар қабылданып, ол бағдарламалар туралы қарапайым халықтың бірі білсе, бірінің хабары бомай жатады. Осы орайда, қалалық жастар орталығы халыққа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қала тұрғындарына жас отбасыларға арналған көмек көрсету бағдарламалары және тегін көмек көрсететін ұйымдар туралы көптеген мағлұматтар бере білді. Сондай-ақ қала тұрғындарына «Жақсы ата – аналар құпиясы, бақытты бала өсірейік» атты кітапшалар таратылды.